«Кітап оқу үстінде»: Қарағанды жасөспірімдер кітапханасы онлайн режимде фотоконкурс жариялады

«Кітап оқу үстінде»: Қарағанды жасөспірімдер кітапханасы онлайн режимде фотоконкурс жариялады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Кітап оқу үстінде» атты онлайн-фотобайқау өткізеді. Іс-шара «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жалпыұлттық акциясы аясында өтуде.

Байқауға қатысу үшін өз қатарластарының немесе кітап оқитын адамдар тобының қызықты фотосуретін жасау қажет. Қызықты сюжетпен және шығармашылық орындаумен жұмыс істеу құпталады. Фон ретінде Қарағанды және оның төңірегіндегі тарихи көрікті жерлер мен әдеби орындар таңдалуы мүмкін. Мысалы, жазушылар мен ақындардың құрметіне аталған ескерткіштер мен көшелер.

Қатысушылардың жасы – 14-тен 29 жасқа дейін. Бір конкурсанттан үштен аспайтын жұмыс қабылданады.

Фотосуретке өзіңіз туралы қысқаша ақпарат беру керек (аты-жөні, жасы, қаласы, оқу орны) және қол қою керек (фотосуреттің авторы, атауы). Қатысушының жұмыстары мен деректерін электрондық поштаға жіберу керек: karaganda_oub@mail.ru.

Жеңімпаз ашық дауыс беру арқылы таңдалады. Барлық жұмыстар 29 тамызға дейін кітапхананың сайтында және әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. Сол жерде дауыс беру өтеді. Акцияны 30 тамызда қорытындылайды.

Жеңімпаздардың тізімі қыркүйек айының басында жарияланады. Бірінші, екінші және үшінші орын алғандарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Онлайн-байқауға қатысты барлық егжей-тегжейлі ақпаратты Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жайық Бектұров атындағы Қарағанды ОЖК» парақшасынан білуге болады.