
Қарағандылық төрт спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Ташкентте өткен Азия чемпионатында және гір спортынан ашық Азия ойындарында (МСГС) көзге түсті. Жерлестеріміз қоржынына сегіз медаль жинады – үш алтын, төрт күміс және бір қола.
Азия чемпионатында кәсіпқойлар арасындағы «ұзын цикл» жаттығуында Александр Комаров (73 кг-ға) және Роман Герасименко (78 кг-ға) күміс жеңіп алды. Игорь Эрзямкин (к/к – 85 кг) үшінші орынды иеленді. Ардагерлер арасында Юрий Брель алтын медаль (к /к – 85 кг), ал классикалық қоссайыста – күміс ұтып алды.
Ашық Азия ойындары (МСГС) аясында Александр Комаров пен Игорь Эрзямкин бірінші орынға ие болды. Роман Герасименко тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Қарағанды облысының гір спорты бойынша аға жаттықтырушысы –
Александр Комаров.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Қырғызстан, Корея және Жапония құрамаларынан озып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша