Қарағанды облысында «Жауынгер» әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында «Жауынгер» әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған Жауынгер» әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы шығарылды. Шараны жастар саясаты жөніндегі басқарма мен Jas Otan жастар қанаты ұйымдастырды.

Биыл байқау онлайн форматта өткізілді. Шығармашылық ұжымдар мен әуесқойлар әскери тақырыпта әндер орындады. Байқауға барлығы 10 адам қатысты, олардың бесеуі финалға шықты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен келесі орындаушылар марапатталды:

- Бас жүлде – Диас Сәдуақас;

– 1-ші орын – Азамат Тұрдықұл;

– 2-ші орын – Манзура Аханова;

– 3-ші орын – Олжас Сұрағанов.

Шығармашылық жарыстың тағы бір қатысушысы Азамат Уәлиевке алғыс хат табысталды.

Қарағанды облысында әскери-патриоттық ән байқаулары дәстүрге айналды: олар 2004 жылдан бастап Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өткізіліп келеді.