Шахтинск мектептерінің бірінің аумағында бұталардан құралған жасыл қоршау пайда болды

Шахтинск мектептерінің бірінің аумағында бұталардан құралған жасыл қоршау пайда болды

Шахтинск қаласының №7 мектебінің аумағында 30 түп бөріқарақат көшеттерінен қоршау отырғызылды. Мұнда «Жасыл белдеу» облыстық акциясы кездейсоқ өткен жоқ. Биыл оқу орны өзінің 30 жылдығын атап өтуде.

Сонымен қатар, мектеп экологиялық білім беру бойынша 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Оқу ордасының оқушылары бірнеше рет республикалық және халықаралық экологиялық конференциялар мен конкурстардың жеңімпаздары болды.

Табиғи ресурстар басқармасының мамандары атап өткендей, білім беру ұйымдарының айналасында жасыл қоршау құру – бұл атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануын төмендетудің және оқушылардың денсаулығын қорғаудың жақсы тәсілі.

Соңғы жылдары аймақта жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу басым болды және жол бойы мен ғимараттардың айналасында бұталардан (акация, итмұрын, бөріқарақат және т. б.) жасыл жолақтарды отырғызу тәжірибесі ұмыт қалды. Атап айтқанда, мұндай қоршаулар ауа сапасын жақсартуға, шу деңгейін төмендетуге және аймақтың микроклиматын жақсартуға мүмкіндік береді.

Карантиндік нормалардың қолданылуына байланысты оқушылар акцияға қатыса алмады. Бірақ олардың ата-аналары, мұғалімдері және мектептің техникалық қызметкерлері ағаш отырғызуға ат салысты.

– Біздің мектептің аумағы сазды, нашар топырақтан құралған. Көшеттер өте нашар тамыр алады. Мектеп аумағы өте үлкен, біздің оқушылар жыл сайын оған ағаш отырғызады. Бірақ, өкінішке орай, әлі де жасыл алаңдар аз. Гидрогель мен биогумусты қолданудың арқасында біз барлық отырғызылған бұталарды сақтай аламыз деп үміттенеміз, – деді мектеп директоры Оксана Пауль.

Іс-шара Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы, «ЭкоОбраз» ҚБ және экологиялық мұражай ұйымдастырған «Таза табиғат» республикалық жобасы аясында өтті.