
Циркте 13 мамырда «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің «Гүл көктем» концерті өтеді. Басталуы 18: 30.
Концертке Ержан Базарбеков, Құрмаш Ыбышев, Рысты Рахымжан, Гүлмира Тапай, домбырашылар Арман Айнабаев, Елжас Кәрімов, Мерей Жәулетбаева, Индира Тарғынова және қыл-қобызшы Абылай Есетов қатысады.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы болып табылады. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.