
Балқаштың аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларының балалары жергілікті сауықтыру орталығында дәрі-дәрмексіз тегін емдеу – галотерапия алады. Оның жетекшісі Мақсат Мүслімов осы жылдың ақпан айында №1 емхана жанындағы "Ғибрат" жастар денсаулығы орталығымен қызмет көрсету туралы меморандум жасасты.
Сауықтыру шараларына ЖРВИ, бронхит, пневмония, сондай-ақ ЛОР-аурулары бар жас балқаштықтар келеді. Галотерапия иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Бір сеанс 45 минутқа созылады. Осы уақыт ішінде "пациенттер" дамыту ойындарымен айналысады, құмға сурет салады немесе мультфильмдер көреді.
Жоба іске қосылғаннан бері 80-ге жуық жас келушілер ем-шара алды.
– Біздің компания адамдардың денсаулығын сақтауға арналған. Біз үшін қайырымдылық жай ғана сөз емес. Бұл игі іс жасауға мүмкіндік. Тұз үңгірі баланың бүкіл ағзасына емдік әсер етеді және иммунитетті нығайтуға көмектеседі, бұл пандемия кезінде өте маңызды, – деп атап өтті Мақсат Мүслімов.