
Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Отанымның тарихы – Отбасымның тарихы" акциясын жариялады.
Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға соғысқа дейінгі, әскери және соғыстан кейінгі кезеңдегі үй мұрағаттарынан алынған фотосуреттермен бөлісуді және фотосуреттің тарихын міндетті түрде айтуды ұсынады. Бұл өз Отанын майданда және тылда жанқиярлықпен қорғаған отандастарымыздың ерлігін бүгінгі ұрпаққа еске салады.
Отбасылық мұрағаттардан алынған тарихи фотосуреттердің астына #помнимгордимсячтим хэштегін орналастыру керек.
Тоғызыншы мамырда батырлардың фотошежіресі комитеттің "Мәңгілік естесіздер! Мақтан тұтамыз! Құрметтейміз!" Instagram парақшасында орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің ақпараты бойынша