Қарағанды облысында әскери-спорттық ойындардың жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысында әскери-спорттық ойындардың жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысында білім беру ұйымдары мен әскери-спорт клубтары арасында "Ұлан" және "Алау" әскери-спорттық ойындары бойынша онлайн-жарыстар өтті. Жарысқа барлығы 126 адам қатысты.

Ойындар Ұлы Жеңістің 76 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 29 жылдығына арналды.

"Ұлан" әскери-спорттық ойынында Сәтбаев қаласының №14 мектебі жеңімпаз атанды, екінші орынды Шет ауданының Бұрма мектебі иеленсе, үшінші орын Абай ауданының №9 мектебіне берілді.

"Алау" ойынында Шет ауданының "Ақсуыт" патриоттық клубы жеңіске жетті, екіншісі – Қарағанды қаласының №91 ЖОББМ және үшінші – Абай ауданының №9 ЖББМ.

Үздік командалар "Сарыарқа дарыны" өңірлік балаларға арналған қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.