
Алтыншы мамыр күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде "Теміртаулықтардың өмірінен сыр шертетін тарих. Қалалықтар". "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында басылым шығарылды.
"Мұғалімдер – тыл еңбеккерлері" кітабы Ұлы Отан соғысы жылдарында немесе балалық шағы соғыс жылдарына түскен теміртаулық педагогтарға арналған.
Туындыға мұражай қорынан тыл еңбеккерлерінің естеліктері, бірегей фотосуреттер енгізілген. Кітапты жасауда Зоя Афонинаның басшылығымен Теміртау қаласының педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің іздестіру жұмысы үлкен рөл атқарды.
Альбомда 53 тыл еңбеккерлерінің есімдері келтірілген. Олар: Д. К. Ахметова, Н. Т. Вахитова, Ю. И. Показанов, В. Ф. Ященко, М. И. Эндеко және т. б. атақты педагогтар. Бұл толық тізім емес. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Тұсаукесер онлайн режимінде Instagram платформасында өтеді.
Басталуы 11:00.