Қарағанды әскери бөлімдерінде Ашық есік күндері өтуде

Қарағанды әскери бөлімдерінде Ашық есік күндері өтуде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Астана» ҚР Әскери бөлімдерінің басшылығы жастарды әскери өмірмен таныстырды. Мұнда «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен 9-11 сынып оқушылары үшін экскурсиялар өткізіле бастады.

Ашық есік күндерінің бірі «Астана» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында өтті. Қарағанды қаласының №33 орта мектебі мен «Жас сарбаз» сынып оқушылары үшін әскерилердің жұмыс күндеріне қысқаша экскурсия өткізілді.

Оқушыларға қару-жарақ пен әскери техника көрсетілді, атыс қаруының үлгілері бар шағын экспозиция ұсынылды. Бөлім аумағы, казармалар, сарбаздардың оқу сыныптары, асхана және спорт қалашығы бойынша экскурсия өтті.

– Біз бір күнімізді армияда өткіздік деп айта аламыз. Бізді қару-жарақпен және әскери техникамен, сондай-ақ мерзімді қызметтегі сарбаздардың өмірімен және тұрмысымен таныстырды, – деп бөлісті «Жас сарбаз» тәрбиеленушісі Арина Сухорукова.