
Қарағанды урбанистика орталығы "Шығармашылық одақ" ҚБ және Қарағанды Суретшілер одағымен бірлесіп үздік мурал эскизіне байқау өткізеді. Ұйымдастырушылар Қарағандыдағы ғимараттардың қабырғасында өз кескіндемесін салу мүмкіндігін пайдаланғысы келетіндердің барлығына байқауға қатысуды ұсынады.
Суретшілер бірнеше тақырыпта өнерлерін көрсете алады: спорт, денсаулық, балалық шақ, ұлттық дәстүрлер және ғарыш.
Байқауға қатысушы ұсынылған ғимарат қабырғасына салынатын эскизін графикалық редакторда жасауы қажет (сілтеме @urban.karaganda парақшасының басты бетінде). Сондай-ақ, жұмыс идеясын түсіндіруі тиіс (екі беттен артық емес). Бір қатысушы ұсынатын эскиздерінің саны шектеусіз. ⠀⠀
Жұмыстарды 1 маусымға дейін электрондық поштаға жіберуге болады: konkurs@urbanist.kz.
Жеңімпазды байқау комиссиясының мүшелері анықтайды. Үздік эскиз Қарағанды үйлерінің бірінің қабырғасында жүзеге асырылады.⠀
Қосымша ақпаратты Урбанистика орталығының @urban.karaganda Instagram-парақшасынан көруге болады.