
5 мамыр күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерті өтеді.
Ахмеет Жұбанов - кеңес және қазақ музыкатанушысы, композитор, дирижер, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР ҒА академигі, профессор.
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін құрды және 1945 жылға дейін оның дирижері болды. 1935-1937 — Жамбыл атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі. 1961 жылдан Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка өнері бөлімін басқарды. Қазақ халық музыкасы туралы кітаптардың, очерктер мен мақалалардың авторы.
Концертте Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.
Дирижер — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев.
Ал 6 мамырда циркте Жеңіс күніне арналған джаз оркестрінің концерті өтеді. Концерттің басталуы сағат 18:00.
Дирижер — Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.
Еске сала кетейік, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет. Код келушінің мәртебесін анықтайды.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.