Балқаштағы демалыс маусымы: туристердің демалысы қалай жақсартылмақ

Балқаштағы демалыс маусымы: туристердің демалысы қалай жақсартылмақ

Су, кәріз және электрмен жабдықтау: Балқаш маңындағы туризм аймақтарында көптен күткен инфрақұрылым құрылысы биыл басталады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Балқашқа жұмыс сапары барысында өңірде туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков хабарлағандай, биыл Бертіс шығанағы аймағындағы туристік нысандарды электр желісіне қосу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. 

– Республикалық бюджеттік комиссия Бертіс шығанағының туристік нысандарына электр беру, сумен жабдықтау, су бұру желілерін салу жөніндегі өтінімдерді қолдады. Бұл туристік аймақтар үшін көптен күткен жоба. Оныың іске асырылуымен кем дегенде 18 бизнес-жоба құрылысының басталуы тығыз байланысты, – деп баяндады Ораз Тәуірбеков. 

Кеңесте Балқашқа Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерін қосу мәселесі көтерілді.  Бүгінгі таңда осы ауылдарда жағалау аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бар. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ әзірлеуге шарттар жасалды. 

Кенттер қала шекараларына қосылғаннан кейін жағалау аймағының 22 шақырымы инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі және абаттандырылады. Қыркүйекке қарай барлық қажетті құжаттар әзірленеді. Мұнда жеке инвестициялар есебінен 12 демалыс аймағы мен туризм нысандарының құрылысы жоспарлануда. 

Облыс басшысы өз кезегінде Тораңғалықта ауылдың сыртқы келбетіне назар аударуды тапсырды.

– Кентке кіре берісте қираған ғимараттар мен үйлер бар. Бұл нысандардың иелері бар-жоғын біліңіздер. Нені қалпына келтіру мүмкін емес екенін анықтап, оларды бұзыңыздар. Ал қалыпқа келтіруге болатын үйлерді ретке келтіріп, кезекте тұрғандар арасында бөліңіздер, – деді Жеңіс Қасымбек.

Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – ұялы байланыс пен интернеттің қолжетімділігі мен сапасы. Барлық байланыс операторларының интернет желісіне 4G жылдамдықпен қосылу қызметтерін көрсету мүмкіндігі болуы үшін жабдықты шерингті пайдалану ұсынылады. Қазір осы бағытта Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, туристерге ыңғайлы болу үшін Балқаш аэровокзалын қайта жаңарту жоспарлануда.

Өткен жылы ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды. Мұнда халықаралық авиарейстердің әуе кемелерін қабылдау үшін рульдеу жолын, аэровокзалды, перронды қайта қалыпқа келтіру үшін құжаттар әзірленді.