Saryarqa aqparat медиахолдингі «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» акциясына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады

Saryarqa aqparat медиахолдингі «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» акциясына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады

Қарағанды облысында онлайн-режимде Жеңіс күні қарсаңында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты еске алу акциясы өтеді. Saryarqa aqparat медиахолдингі Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттерін қабылдауды 1 мамырға дейін ұзартады.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындары өз туыстарының 330 суретін жіберді.

Еске алу науқанына қатысу үшін ҰОС қатысушыларының жеке деректері мен қысқаша өмірбаянын көрсете отырып, олардың фотосуреттерін жіберу қажет. Алынған материалдардан бейнеролик монтаждалады.

Фотоға қойылатын талаптар:

- портрет;

- формат – jpg, png;

- өлшемі – кемінде 15x10.

Кейіпкерлердің деректері жазылған суреттерді WhatsApp немесе Telegram-ға 8-776-533-10-54 нөмірі бойынша немесе электрондық поштаға жіберуге болады saryarqaaqparat09@gmail.com.

Материалдар 1 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қабылданады.

9 мамыр алдында Қарағандының интернет-алаңдары мен LED-экрандарында бейнеролик көрсетіледі. Оны @LIFE09kz әлеуметтік желісінде көруге болады.