Қарағандылықтарды Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

Қарағандылықтарды Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

1 мамыр күні сағат 15:00-де «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің «Душа поет, встречая Первомай» атты концерті өтеді.

Оркестрмен бірге солистер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов және халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан өнер көрсетеді.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван.

Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы болғандықтан өз қызметін қайта бастайды. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет. Код келушінің мәртебесін анықтайды.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.