
Софияда (Болгария) спорттық акробатикадан әлем кубогының кезеңі өтті. Сайысқа 11 елден жиналған 170 спортшы қатысты. Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері жарыстың жүлдегерлері атанды.
Біздің әйелдер жұбы Саша Рудакова мен Дамира Талғат күміс медальға ие болса, ерлер дуэті Даниель Диль мен Вадим Шуляр қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, халықаралық турнирде аралас жұп Руслан Мерешко мен Русалина Халабурдина сәтті дебюттік өнер көрсетті. Олар күміс медаль жеңіп алды.
Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының ақпараты бойынша