Полигонда шынайы өмірдегідей: қарағандылық кеншілер кәсіби шеберліктерін көрсетті

Полигонда шынайы өмірдегідей: қарағандылық кеншілер кәсіби шеберліктерін көрсетті

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі. Аталмыш күн қарсаңында Қарағанды облысында шахтерлердің кәсіби жарыстары өтті. Кеншілер өз шеберліктерін көрсетіп, өзара көмек көрсетті.

Жарыс «Көмір» КӘАҚҚ жаттығу полигонында өтті. Шарттар шынайы жағдайға мүмкіндігінше жақын болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталары мен жер үсті кәсіпорындарынан 13 команда қатысты.

Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаздың айтуынша, мұндай жарыстар төтенше жағдайлардағы іс-қимылдардың дәлдігі мен дұрыстығын пысықтау үшін жақсы мектеп болып табылады.

Команда мүшелері еңбектеп кіші қиманың өндірілуін еңсеріп, өрт жеңдерін төседі және өртті сөндірді, шартты зардап шегушіге көмек көрсетті.

– Екінші жыл қатарынан осындай жарыстар өткізіледі. Қатысушылар қысылған, газдалған қазбаны еңсеру, өртті сөндіру бойынша жақсы тәжірибе алады. Команданы КӘАҚҚ жедел бөлімінің комиссиясы бағалайды. Апат туындаған кезде тау-кен құтқарушылары мен кеншілер тығыз өзара іс-қимыл жасайтыны белгілі, – деп атап өтті Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.

Жерасты кәсіпорындары арасында Т. Күзембаев атындағы шахтаның командасы үздік атанды. Екінші орынды «Шахтинская», үшінші орынды И.Костенко атындағы шахта иеленді.

Жер үсті кәсіпорындарының ішінде жеңіс «Восточная» ОБФ командасына бұйырды. Екінші орында – Қарағанды жүк тиеу–көлік басқармасы, үшінші орында – «СпецШахтоМонтажДегазация» басқармасы.

– Бізде екі күндік жаттығулар болды. Дағдыларымызды пысықтадық. Бағыт қиын. Мысалы, түтінді штректен өту кезінде ештеңе көрінбегендіктен қармалап өтуге тура келді. Жауапкершілік те жоғары, себебі әріптестер мен жолдастарымыздың өмірі біздің іс-әрекеттерімізге тікелей байланысты болатын нақты жағдайға тап болуымыз мүмкін, – деп бөлісті Т. Күзембаев атындағы шахта командасының мүшесі Анатолий Володин.