Қарағандылық «Сарыарқа» хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі аясында «Сарыарқа» - «Арлан» финалдық сериясының алтыншы матчы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша серияны жеңіп, Қарағанды командасы жеңімпаз атанды.

Кездесудің басым бөлігінде таблода нөл жанып тұрды. Иван Безруков үшінші кезеңнің аяқталуына 9 минут қалғанда шот ашты. Матчтың соңғы секундында Михаил Рахманов команданың артықшылығын екі есе арттырды.

Нәтижесінде қарағандылықтар «Арланды» 2:0 есебімен жеңді. Финалда Көкшетау клубын (4:2 сериясындағы есеп) жеңіп, «Сарыарқа» ел чемпионы атанды.

prosports.kz