
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы білім додасын ұйымдастырады. Ұйымның әлеуметтік желісінде 29 сәуір күні сағат 11:00-де зияткерлік этнографиялық аукцион өтеді.
Интернет-кеңістіктің барлық қалаушылары білімін сынай алады. Ең жоғары IQ иелері сыйлыққа ие болады.
Сайыста 10 лот ойнатылады – бұл әртүрлі ұлттық мәдениет өкілдеріне тән 10 этнографиялық мұражай жәдігерлері. Олардың арасында тұрмыстық заттар мен сәндік шығармашылық, зергерлік өнер, музыкалық аспаптар болады.
Жүргізушіден ақпарат ала отырып, аукционға қандай жәдігер қойылғанын атау керек болады. Дұрыс жауап берген бірінші адам мұражайға тегін кіру билетін ұтып алады.
Аукцион Instagram-да тікелей эфирде өтеді.
Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.