
Бір ай аралығында кеншілер шаһарындағы хайуанаттар бағы жасыл желектермен толыға бастайды. 31 мамырға дейін бақ аумағында 500 түп талдар мен ағаштар отырғызылады. Экочеллендж «Игі істер марафоны» шеңберінде «Жасыл желек жайқалсын!» бағдарламасы бойынша өткізіледі.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері қазірдің өзінде 190 көшет отырғызып үлгерген. Жалпы 15 түрлі ағаштар мен тал-шіліктер әзірленген. Олардың қатарында пирамидалық терек, долана, мойыл, итмұрын, шие, ақ қараған жәнеп басқа да бұталар бар.
Хайуанаттар бағын көгалдандыруға «У рыжего кота» котокафесінің жанындағы Мейірімділік мектебінің оқушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары қатысады.