
27 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына және қазақ ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған экспозиция ашылады.
«Әлемді өзгерткен оқиғалар» атты көрме эмоционалды хаос стилінде жасалған. Экспозицияның ақпараттық блоктары Қазақстан мен әлемдегі ядролық қару тақырыбын хронологиялық тұрғыдан ашады.
1898 ж. - Мари Кюри уран минералы настураннан көп мөлшерде сәуле шығаратын зат тапты. Бұл жаңалық ядролық қару жасауға серпін берді.
1945 жыл – АҚШ алғаш рет Манхэттен жобасы аясында жасалған ядролық қаруды жауынгерлік режимде сынап көрді. Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалалары бомбаланған.
1949 жыл – Семей ядролық сынақ полигонын пайдалануға беру. 40 жыл бойы Қазақстан жерінде ядролық сынақтар жалғасты.
1989 жыл – «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы ұйымдастырылды. Ядролық жарылыстарға қарсы күрестің көшбасшысы қазақстандық ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.
1991 жыл – ҚазКСРО Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлық қабылдады. Қазақстан ядросыз мемлекеттің позициясын таңдады.
Экспозиция негізінде meetup форматында (диалог алаңы) мектеп оқушыларымен қазақстандықтардың өмірін мәңгі өзгерткен оқиғаларды талқылау өтеді.
Экспозицияның ашылуы 27 сәуір сағат 10:00-де Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде болады.
Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.
Мұражай келушілер үшін дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбіде 09:00-ден 17:00-ге дейін ашық.