Қарағандылық жастарды "Соғыс жылдарындағы әндер" байқауына қатысуға шақырады

Қарағандылық жастарды "Соғыс жылдарындағы әндер" байқауына қатысуға шақырады

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы "Соғыс жылдарындағы әндер" байқауын жариялайды.

Қатысу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- @qaragandy_jastary аккаунтына жазылу;

- ұзақтығы үш минуттан аспайтын бейнеролик түсіру;

- өзіңіздің парақшаңызға @qaragandy_jastary міндетті белгісімен бейне орналастырыңыз;

- сауалнаманы толтыру үшін афишада көрсетілген QR-кодты сканерлеу қажет.

Өтінімдер 5 мамырға дейін қабылданады. Қатысушылардың жасы 16-дан 28 жасқа дейін.

Байқау қорытындысы 6 мамырдан кейін @qaragandy_jastary-де жарияланады. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Толық ақпарат Жастар ресурстық орталығының Instagram парақшасында.