Қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады

Сонымен қатар, 24 сәуірде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы барлық ниет білдірушідерді плоггингке шақырады! Бұл фитнес жүгіру мен сенбіліктің заманауи форматы. Кездесу Оңтүстік-Шығыс автостанциясында (Мұқанов – Республика) өтеді.

Онда қолғап пен екі түрлі пакеттер (біреуі қайта өңделетін қалдықтар үшін, екіншісі басқалар үшін), маскалар мен антисептиктер беріледі. Республика даңғылында жаттығу және жүгіру өтеді. Жол бойында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау қажет! Қоқыс «Горкомтранс» компаниясына өңдеуге жіберіледі.

Жүгіру Қарағанды облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша Almighty Ecology қоғамдық қоры #TazaTabigat республикалық акциясы аясында өткізіледі.

Шараға қатысушылар 08:30-да жиналады. Жарыстың басталуы сағат 09:00-де.

Трассаның жалпы ұзындығы 3 шақырым.

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында акцияға қатысушылар бетперде мен қолғап киюлері қажет.

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы