
Қарағанды қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның «Шолпан» би ансамблі республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестивалінің жеңімпазы атанды. Байқауға 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан 160 үздік ұжым қатысты.
«Шолпан» хореографиялық ансамблі «Ақбаян» халық биін орындап, бірінші орын алды.
Ұжымды Гүлнар Омарова басқарады.
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.