
Қарағанды облысының әкімдігінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдерімен кезедсу өтті.
Наурыз айында Астанада қарағандылықтар ЖОО-мен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар аймақтың агроөнеркәсіптік секторын дамыту үшін күштерін біріктіреді. Ғылыммен одақты тәжірибеге енгізетін кез жетті.
«Негізгі үш бағыт бойынша ынтымақтастық орнатуды ұсынамыз. Бірінші бағыт, отандық ғылымның әзірлемелерін енгізу, сондай-ақ, шетелдік технологиялардың трансферті. Екінші, саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету. Үшінші – облыстың тауар өндірушілері арасында білімді тарату», - деді ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев.
Ғалымдар аймақ үшін суарылатын жерлер, тұқым өсіру мен сорттарды жаңарту бойынша ұсыныстар дайындауға әзір.
«Технологияларды пысықтап, олардың нәтижелілігін көрсету үшін пилоттық режимде бірнеше шаруашылықты алмақпыз. Одан әрі бұл тәжірибені облыс көлемінде дамытуға болады», - деді Ақылбек Күрішбаев.
Ректор ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге ғарыштан мониторинг жүргізуді ұйымдастыру қызметін ұсынды. «Бұл біздің болашағымыз. Барлық жетекші мемлекеттерде пайдаланылады, - деп атап өтті ол. – Бұл – барлық кезеңдердегі бақылау тетігі, егін егуден бастап, жинауға дейін. Вегетация процесін түсіруге болады. Мониторинг объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді».
Ғалымның айтуынша, жоба бюджет қаржысы есебінен іске асырылуы мүмкін.
Кездесуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары қатысты. Сондай-ақ, селекторлық режимде кездесуге аудан әкімдері қатысты.