
Қарағанды әкімдігінде әр бейсенбі – бизнес үшін Ашық есік күні. Мұнда бизнесті ашу мен жүргізуге жәрдемдесу мәселелері бойынша консультациялар алуға болады.
"Бүгіннен бастап апта сайын бейсенбі күндері Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында (Open Karaganda) Н. Назарбаев даңғылы, 39, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін бизнесті мемлекеттік қолдау, жерді пайдалану, сәулет және құрылыс, техникалық шарттарды алу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар өтеді", - деп хабарлады қалалық әкімдікте.
– Бизнес өкілдеріне арналған Ашық есік күнінің негізгі мақсаты жеке ісін ашқысы келетін азаматтарға кәсіпкерлік саласында ақпарат беру болып табылады. Ашық әкімдік шеңберінде барлық құзыретті органдардың қызметкерлері де қатыса алады. Сонымен қатар, қаланың барлық кәсіпкерлері Ашық есік күні кезінде сұрақтар қоя алады, – дейді Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абзал Рахымбаев.
Ашық есік күніне қатысу үшін алдымен келесі нөмірлер бойынша жазылу қажет: (8-7212) 42-15-05, 42-11-12, 42-11-29.
Іс-шара туралы толық ақпаратты осы нөмірлер арқылы алуға болады.