Суретшілер мен ақындарды "Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет" республикалық онлайн-байқауына қатысуға шақырады

Суретшілер мен ақындарды "Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет" республикалық онлайн-байқауына қатысуға шақырады

20 сәуірден бастап Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен " Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет" республикалық онлайн-байқауы басталды. Оны "Мәдениет порталы" ақпараттық агенттігі жүргізеді. Жүлде қоры – 7 миллион 600 мың теңге.

Байқаудың ерекшелігі – оған кез-келген жастағы ақындар мен суретшілер қатыса алады. Шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қазақстанның барлық өңірлері мен мегаполистерінен келген суретшілер мен ақындар байқауға қатысу үшін "Мәдениет порталы" сайтында онлайн тіркеле алады және бұрын жарияланбаған жұмыстар мен жеке мәліметтерді "жұмысты қосу" батырмасының көмегімен орналастыра алады.

Байқау туралы толық ақпаратты "Мәдениет порталы" сайтынан да алуға болады.

Жеңімпаз атанғандардың оэтикалық шығармалары қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, суретшілердің жұмыстарынан арнайы альбом дайындалады. Альбом ағылшын және орыс тілді елдердің ұлттық кітапханаларына жіберіледі. Сонымен қатар, ол арнайы түсірілген бейнелерге сілтемелері бар QR-кодтармен шығады.

Онлайн-байқау екі кезеңнен тұрады:

- суретшілер үшін бірінші кезең;

- ақындар үшін екінші кезең.

Суретшілер байқауының бірінші кезеңі 2021 жылдың 20 сәуірі мен 20 маусымы аралығында өтеді. Оның нәтижелері бойынша сегіз жеңімпаз суретші және сегіз үздік сурет анықталады. 2021 жылдың 26 маусымы мен 26 шілдесі аралығында өтетін ақындар байқауының екінші кезеңінде бірінші турдағы ең үздік сегіз суреттің біреуін таңдап, осы суретке бір поэтикалық шығарманы (өлең) жіберу керек.

Жүлделер жеңімпаздарға келесідей тапсырылады:

- екі бас жүлде /әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 2 миллион теңге;

- екі I орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екі адамға 1 миллион 600 мың теңге;

- төрт ІІ орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – төртеуіне 2 миллион теңге;

- алты ІІІ орын / әр ақын мен суретшіге – алты адамға 1 миллион 800 мың теңгеге тең бөлінеді;

- екі ынталандыру сыйлығы/ әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 200 мың теңге.

madeniportal.kz