
Металлургтер қаласының Жастар ресурстық орталығы «ақпараттық автобус» жобасын ұсынды. Екі тілде жарқын баннері бар көлік «Вакцинация туралы біліңіз!» деген үндеумен Теміртаудың орталық көшелерімен жүреді. Автобус адам көп жиналатын жерлерде тоқтайды, дәрігерлер барлық адамдарға иммундау туралы кеңес береді.
– Біз үнемі түсіндіру жұмыстарымен айналысамыз, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Айдын Жұмагелдінов. – Бұрын парақшалар таратылды. Осы бағыттағы қызметіміз тиімді болуы үшін біз ақпараттық автобусты іске қосу бастамасын алға тарттық. Енді адамдарға вакцинация бұрынғы өмірге оралудың жалғыз жолы екенін түсіндіру қажет. Дәрігер болмаса бұл туралы кім нақты және толық ақпарат бере алады.
Орталық қызметкері мен еріктілер халыққа бетперде мен парақшалар таратқан кезде, жергілікті емханалардың екі дәрігері вакцинация туралы айтады. Теміртаудың кез келген тұрғыны автобусқа кіріп, өзін қызықтырған сұрағын қоя алады. Негізінен тұрғындар вакцинаның қалай әсер ететініне, кімге егуге болмайтынына, қайда вакцинациялауға қатысты сауалдар қояды.
Айдын Жұмагелдіновтың айтуынша, теміртаулықтарға идея ұнады. Автобус баратын тұрақты нүктелер бар. Негізінен иммундау бойынша сұрақтармен орта және егде жастағы адамдар жүгінеді.
Ақпараттық автобустың жүру кестесін орталықтың Instagram-парақшасынан білуге болады.