Қарағандылықтарды романстар кешіне шақырады

Қарағандылықтарды романстар кешіне шақырады

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік өз қызметін қайта бастады. Қала тұрғындары мен қонақтары 28 сәуірде циркте "Романстар кеші" концертін тамашалай алады. Басталуы 18:30.

Бағдарламада концерттік бірлестік солистерінің сүйікті танымал шығармалары орындалады. Рояльде - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Севостьянов өнер көрсетеді.

Концертті көру мүмкіндігіне ие болу үшін сізден залға кіре берісте көрсетілуі тиіс QR-кодты сканерлеу қажет. Ол үшін смартфонға ASHYQ қосымшасын Play Markеt немесе App Store арқылы жүктеу керек.

Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.