
Қазақстанда ауыл тұрғындары үшін заңнамаға қатысты сұрақтарға жауап алуға арналған "Кеңес" онлайн-кеңес беру қызметі жұмыс істейді. Мұнда сіз құқықтар, әлеуметтік, экономикалық, азаматтық, саяси және мәдени бостандықтар туралы кеңестер мен түсініктемелер ала аласыз. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қатысуымен жүзеге асырылады.
Өтінішті/сұрақты кез келген ыңғайлы тәсілмен жолдауға болады: онлайн-кеңесші: http://trinta.kz/kenes, WhatsApp, дауыстық пошта +7-707-650-43-80, e-mail: trinta-kz@mail.ru.
Жоба аясында мыңнан артық кеңес беру жоспарлануда. Алдағы уақытта "Кеңес" мобильдік қосымшасы әзірленеді.
Консультациялық қызметтің жұмысын және іс-шараларды ұйымдастыруды "Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" қорының командасы қамтамасыз етеді.