
25 сәуірден бастап Қарағанды – Павлодар автобусы қатынай бастайды. Қалааралық көлік күн сайын тақ сандар күндері жүреді.
Қарағанды автовокзалы басшылығының хабарлауынша, бағыт Молодежный кенті мен Екібастұз қаласы арқылы өтеді. Шығу уақыты - 20: 15.
Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын онлайн брондау және сатып алуға болады. Төлем интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картамен жүргізіледі.
Сонымен қатар, билеттерді автовокзалдың кассалары мен терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі және демалыссыз сатып алуға болады.