Қарағандылық құтқарушылар қызметіндегі пилотсыз ұшақтар

Қарағандылық құтқарушылар қызметіндегі пилотсыз ұшақтар

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері политехникалық колледж студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Құтқарушылар екі жыл бойы іздестіру-құтқару жұмыстары үшін, сондай-ақ өрт жағдайын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады.

Шағын дронның көмегімен ТЖ-ға жедел ден қоюға, қауіпті нысандарды қадағалауға болады. Дәл осындай операцияларға жас құтқарушылар дайындалуда. Колледж оқушыларының өз дрондары бар, олар жаттығады.

Көрінетін және жылу бақылау камераларымен жабдықталған квадрокоптер нашар көрінетін немесе қатты түтін жағдайында адамдарды анықтауға көмектеседі. Ақпарат оператордың пультіне нақты уақытта түседі, бұл дұрыс және заманауи шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Дрон операторлары оқыту және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Биыл ТЖД-нің 11 қызметкері дайындықтан өтті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша