Приозерск қаласында ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына арналған акция өтуде

Приозерск қаласында ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына арналған акция өтуде

Приозерск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінде «Естелік партасы» атты жастарға патриоттық тәрбие беру акциясы өтуде. Ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

«Аталмыш акция арқылы біз оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы ерліктерімен есте қалған қазақстандық жауынгерлердің өмір жолымен таныстырғымыз келеді. Парталарда ардагерлеріміздің ерліктері мен фотосуреттері бар, олардың үшеуі қаламыздағы ҰОС ардагерлері. Акция 20 мамырға дейін жалғасады», - деп хабарлады Приозерск қаласының білім бөлімі.

Акцияның бірінші күні батыр-жауынгерлерді еске алуға арналған. Оқушыларға «Қазақ батыры генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы мен қызметтік-жауынгерлік қызметі» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

«Естелік партасы» Приозерск қаласында кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ. Өткен жылы «Сағадат» жастар командасы «Айбын» республикалық жаттығу жарыстарында бас жүлдені жеңіп алды. Енді кейіпкерлердің тарихи фотосуреттері мен өмірбаяндары әрдайым мектеп сыныптарының парталарын безендіреді.

- Біздің балалар барлық жарыстарға белсенді қатысты, әскери іспен, Қарулы Күштердің тарихымен танысты. Өз дағдыларын көрсетті, өздерінің төзімділігін сынап көрді. «Естелік партасы» акциясы әскери-патриоттық тәрбиеге жаңа серпін беретініне сенімдімін. Ол бүкіл ел бойынша өтеді деп үміттенемін, - дейді 60601 ә/б командирінің орынбасары Дәулет Бейсеков.