
Осакаров ауданында «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жүргізілуде. 16 сәуірдегі мәлімет бойынша ауданның егу пункттерінде 845 тұрғын вакцинацияланды.
Егу пункттері емханаларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде және ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істейді. Вакцина алғысы келетіндердің арасында жастар да, қарт адамдар да бар.
- Алғашқы екпелердің бірі медицина қызметкерлеріне жасалды. Covid-19-ға қарсы вакцинациядан өткен адамдарда жағымсыз реакциялар байқалмайды, олардың әл-ауқаты жақсы, - деп атап өтті аудандық аурухананың бас дәрігері Ольга Травнева.
Вакцина алғандардың арасында зейнеткер Виктор Гребенюк те бар. Ол 68 жаста.
— Екпе салу шешімін мен бұрыннан қабылдап қойғанмын. Жалпы, мен жаппай вакцинацияның басталуын күттім. Науқан басталған бетте, бірінші күні жазылдым. Егу алдында сәл толғандым. Мен ешқандай реакция байқамадым, өзімді жақсы сезінемін, — дейді Виктор Гребенюк. – Коронавирусқа қарсы екпе алуға саналы түрде келдім. Менің ойымша, барлық жұрт вакцинациялануы керек, өйткені инфекция өте ауыр. Осылайша біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз, соның арқасында біз жаңа індеттерден және жағдайлардың көбеюінен аулақ боламыз.
— Мен Осакаровка кентінің спорт мектебінде жұмыс істеймін, - дейді 48 жастағы Елена Лебединцева. — Дәрігердің кеңесі бойынша екпе жасауды шештім. Мен коронавируспен ауырмадым. Менің анам 70 жаста, туыстарым бар. Жыл оңай болған жоқ: үнемі үрейлі күйде жүріп, әр түшкіруге елеңдейсің. Егде жастағы туыстарым үшін уайымдаймын, сондықтан екпе жасауға ниет білдіріп, ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болғым келді. Мен барлық аудан тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға және вакцинациядан қорықпауға шақырамын!