Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы болып істеген 54 жасар Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Ол өңірдіі екі жаарым жыл бойы басқарып келген Нұрмұхамбета Әбдібековтың орнына келді.
Жаңа әкімді облыс активіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таныстырды. Бұған дейін қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізіліп, депутаттар облыс басшысы қызметіне ұсынылған Ерлан Қошановты бірауыздан мақұлдады.


Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған. 1999 жыылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Институттан кейін Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының кен абйыту фабрикасында слесарь, шебері болып істеген.
1988-1990 жж. – ҚЛКЖО Жезғазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы.
1995 ж. - Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі
2001-2003 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2003-2006 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі.
2006-2007 жж. - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 гг. – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2012 жылдың 2 ақпанында ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерінің иегері, мерейтойлық медальдармен марапатталған.