
"Шұбаркөл көмір" компаниясы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының аз қамтылған отбасыларына, мүгедектеріне және жалғыз басты тұрғындарына 274 азық-түлік себетін таратты. Компания игі істерді одан әрі жалғастыруға уәде береді.
Аудан әкімі Юржан Бекқожин мұқтаж тұрғындарға көмек көрсеткені үшін "Шұбаркөл көмір" кәсіпорнына алғысын білдіріп, компания жыл сайын отбасының белгілі бір санаттарына көмірді тегін бөліп, жастарды жұмысқа қабылдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ ауданда Іскер әйелдер мен Аналар кеңесі Рамазанның құрметіне қайырымдылық акциясын өткізді. Өз қаражатына олар 300 шөлмек су мен 300 орама құрма сатып алды. Олар ифтар алдында адамдар көп жиналатын жерлерде және тас жолда жүргізушілер мен жолаушыларға таратылды.