
Қарағандылық Эльмира Сыздықова Алматыда өткен әйелдер күресі бойынша Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды. Ол жеңіс тұғырының жоғары сатысына 76 келі салмақ дарежесі бойынша көтерілді.
Финалда спортшы Қырғызстан өкілі Айпері Медет Қызымен кездесті. Эльмираның қарсыласы саннан алып, лақтырмақшы болды. Алайда қарағандылық спортшы қыз ол жағдайды өз ыңғайына бұрып алып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.