Жаңаарқа ауданының тұрғындарын вакциналау басталды

Жаңаарқа ауданының тұрғындарын вакциналау басталды

Кеше, 14 сәуірде Жаңаарқа ауданында халықты коронавирусқа қарсы егу басталды. Бірінші болып әкім Юржан Бекқожин, ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Мұсабекова және т. б. екпе алды.

Жаңаарқа ауданына 3 мың доза "Спутник V" вакцинасы жеткізілді. Барлық тұрғындар вакцинациядан өте алады.

Вакцинациялау пункті Жаңаарқа кенті, С.Сейфуллин даңғылы, 63 мекенжайы бойынша орналасқан. Егу кабинеті күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді (демалыссыз).