
Биыл Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мектеп Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы болып табылады және осы атаулы күнге орай оқу орнының қабырғасында мектеп мұражайы салтанатты түрде есігін айқара ашты. Онда ақын және жазушы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның шығармалары, сондай-ақ гимназия оқушыларының ол туралы үздік жұмыстары туралы мұрағаттық деректер жинақталған.
Мерейтойлық датаға орай және мұражайдың тұсаукесері ретінде гимназияда ашық есік күні өтті. Педагогтар оқушылар үшін офлайн және онлайн-режимде түрлі байқаулар ұйымдастырды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары «Мағжан Жұмабаев және орыс әдебиеті» атты буктрейлерлер байқауын өткізді. Оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олар Мағжан Жұмабаевтың сүйікті шығармалары, қазақ ақыны шығармаларының орыс жазушыларының шығармашылығымен өзара байланысы туралы әңгімеледі. Жақсы жұмыс дайындаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сондай-ақ, гимназияда канзаши техникасы бойынша шеберлік сабақтар, «Туған жерге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел, квест, викториналар, зияткерлік ойындар өткізілді, жобаларды қорғау, көрме, дебаттар ұйымдастырылды.
Ашық есік күні поэзия кешімен аяқталды, онда оқушылар Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқыды және флешмоб өткізді.