«Алтын тобылғы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Алтын тобылғы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жетінші рет «Алтын тобылғы» байқауын өткізуде. Ұйымдастырушылар Қазақстанның үздік жас ақын-жазушыларын таңдауға ниетті.

Байқаудың басты мақсаты – заманауи отандық әдебиетті дамыту және жас жазушыларды қолдау.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы әдебиетшілердің қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Іріктеуге бір адамнан бұрын еш жерде жарияланбаған екіден аспайтын шығармасы жіберіледі.

Жүлделер келесі номинациялар бойынша тапсырылады:

- «Жылдың үздік прозасы» (2 млн теңге);

- «Жылдың үздік поэзиясы» (2 млн теңге);

- «Жылдың үздік драматургиясы» (2 млн теңге);

- «Жылдың үздік балалар шығармасы» (2 млн теңге).

Арнайы номинация – «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік шығарма» (3 млн теңге).

Қатысуға өтінімді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу қажет: Нұр-Сұлтан қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, сондай-ақ мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: at2021@fnn.kz.

Өтінімдерді жинау мерзімі - 2021 жылдың 20 тамызына дейін.

Байқау ережесімен келесі сайттардан танысуға болады: www.fnn.kz, www.qazaq-found.kz.