«Қылқаламымды өз жандүниеме маламын»: Қарағандыда Фания Исламованың жеке көрмесі өтеді

«Қылқаламымды өз жандүниеме маламын»: Қарағандыда Фания Исламованың жеке көрмесі өтеді

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фания Исламованың «Менің жадымдағы бақтар» экспозициясы «Алтын ғасыр» галереясында өтеді. Мұнда майлы бояумен салынған 50-ге жуық кескіндеме жұмыстары ұсынылады.

Суретшінің шығармашылығы ұзақ жылдар аралығында көптеген өзгерістерден өткен. Фания Исламова Art Nouveau, символизм, экспрессионизм стилінде сурет салған. Оның суреттері – бұл бейнелер мен өмір сезімі.

- Көрменің атауы – метафора. Бұл оқиғалар, сәттер, естеліктерді мен жадымнан аламын, өйткені жанымыз нақты кеңістіктен шығуға тырысады. Мен табиғат әлеміне жиі жүгінемін, онда өң мен түс өзара араласып, барлық тіршілік иелерінің жұмбақ және сонымен бірге танымал бейнелерін жасайды. Бұл менің балалық шағымнан естеліктер. Мен ішкі әлеміме үңіліп, өмірімнің шегінде сурет саламын. Қыл қаламымды өз жаныма батырамын деуге болады, - дейді автор.

Суретші Қазан көркемсурет училищесін бітірген. Оның жұмыстары Қазақстанда, Ресейде, Францияда, Түркияда, Кипрде қойылды.

Бүгінде Фания Исламованың суреттері Қазақстан, Кипр және Түркия мұражайларын безендіреді. Олардың көпшілігі Англия, Франция, Германия, АҚШ және басқа елдердегі жеке коллекцияларда.

«Менің жадымдағы бақтар» вернисажының ашылуы 16 сәуірде сағат 16:00-де өтеді.

Көрме 10 мамырға дейін жалғасады.

«Алтын ғасыр» галереясының жұмыс уақыты - сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.