
Шахтинск аймағының емханаларында вакцинация орталықтары жұмыс істейді. Олар бейнебақылау камералары бар арнайы кабинеттермен жабдықталған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте қала әкімі Сержан Аймақов мәлім етті.
Екпе алғысы келетін шахтинскіліктер алдын ала жазылу журналына жазылады. Олар екі компонентті "Спутник V" препаратымен вакцинацияланады. Әзірге бірінші компонентті 2 075 адам алды, екіншісі- 697 тұрғынға егілді.
Шахтинск аймағында COVID-19 қарсы вакцинациялау орталықтары келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 97 (кабинеттер №402, 403, 414, 415, 417); Шахан кенті, 15-квартал (кабинеттер №23, 24, 25, 26); Долинка кенті, Школьная көшесі, 15 (кабинеттер №13, 14, 15, 16); Новодолинский кенті, Школьная көшесі, 9 (кабинеттер №16, 17, 18, 20).
Шахтинск тұрғындарының COVID-19-ға қарсы вакцинациясына алдын ала жазылу үшін жедел желі телефондары – 6-55-31, 6-55-11.