Облыс әкімінен мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек сұрады

Облыс әкімінен мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек сұрады

Бүгін «Рахмет» қоғамдық бірлестігінің және мүгедектерге көмек көрсету орталығының төрағасы Нұрғали Жүнісбеков Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтан көмек сұрады.


- Мен бірінші топтағы мүгедекпін, - деді ол. – Көп уақыт бойы жүре алмай, жатып қалдым. Өндірісте, шахтада жарақат алғам. Кейіннен денсаулығым қалпына келе бастады. Мен қозғаламын, бірақ мүгедектігім бар. Төрт жыл бойы жұмыс іздедім. Ешкім алмайды, мен сияқтыларға жұмыс істеуге болмайды. Содан кейін біз бірлестік құрдық, басты мақссатымыз – мүгедектерді жұмысқа орналастыру.
Қоғамдық бірлестік шығаратын газетте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мақалалар мен нұссқаулықтар жарияланады. Басылым жарнама берушілердің қаржысына шығарылады, бұл айына екі рет мың данасын басып шығаруға ғана жетеді.
Қалған ақша басылымды таратушы үш мүгедекке еңбекақы ретінде төленеді.
- Егер тиражды 10 000 данаға дейін ұлғайтссақ, жарнама берушілер көп болатын еді, - дейді Нұрғали Серікұлы. – Сонда газет таратуға аз ақшамен көп адам қабылдайтын едік. Ірі сауда орталықтарымен сөйлестік, олар орындар бөліп, үстелдер қоюға дайын. Осылайша, арбамен жүретіндер де жұмыс істей алады.
Есептеулер бойынша, газеттің тиражын көбейту үшін үш миллион теңге қажет. Бірлестік төрағасы бұл ақшаны облысс басшысынан сұрап отыр. Нұрмұхамбет Әбдібеков қаржыландыру мәселессін шешуге уәде берді: «Үш миллион табамыз. Бұл жақсы іс».