Тассуат ауылының тұрғындарымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және ТЖД басшысы кездесті

Тассуат ауылының тұрғындарымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және ТЖД басшысы кездесті

Нұра ауданында Тассуат ауылының тұрғындары пайдаланатын өткел нығайтылады. Ал болашақта Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынады.

Бұл туралы Тассуат ауылының тұрғындарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов хабарлады. Ауыл тұрғындарымен кездесу өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өтті.

Жалпы облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Бірде бір тұрғын үйге су өту деректері тіркелмеді. Өзендердегі су деңгейі төмендеуде.

- Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселесі қарастырылуда, - деп хабарлады Ермек Алпысов.

Облыс әкімінің орынбасарына бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адамды іздеу барысы туралы баяндалды. Кәсіпкердің көлігі Нұра өзенінен табылды. Сүңгуірлер мен құтқарушылар іздеуді жалғастыруда, бірақ мұзбен жүру қиындық тудыруда. Қайықтар өте алмайтын жерлерде квадрокоптер қолданылады. Сондай-ақ, «Трэкол» қармен және батпақпен жүретін жол талғамайтын көлік жұмылдырылды.