Қарағанды облысының тұрғындарын оңалтуға медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы 4 млрд теңгеден астам қаржы аударады

Қарағанды облысының тұрғындарын оңалтуға медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы 4 млрд теңгеден астам қаржы аударады

2021 жылы Қарағанды облысының тұрғындарын медициналық оңалту үшін медициналық сақтандыру қоры 4 085 717 000 теңге аударады. Оның 307,3 миллионы COVID-19-ға шалдыққан науқастарды қалпына келтіруге бөлінді. 

Операциядан немесе дертке шалдыққан кейін өңірдің 12 клиникалары мен медициналық орталықтарында оңалтудан өтуге болады. Қалпына келтіру медициналық қызметтерін амбулаториялық деңгейде облыстың 14 емханасы көрсетеді.

Қарағанды тұрғыны Шынаркүлге 2020 жылдың шілдесінде «екі жақты пневмония» диагнозы қойылды. Әйел ауруханаға ентігу, қызба және өкпенің 25%-дан астам зақымдалуымен түсті. Науқас ауруханада бір жарым апта өткізді. Осы көктемде Шынаркүл оңалтудан өтті. Оңалту орталығында 10 күн ішінде ол массаж, электрофорез, ингаляция курсын алды.  

- Учаскелік медбике дертке шалдыққаннан кейін оңалтудан өте алатынымды хабарлады. Мен барлық сынақтарды, оның ішінде қан, ПТР тапсырдым да, 10 күнге ем алуға жаттым. Сол кезде менде қан қысымым және қант деңгейім жоғары болды. Курстың соңында бұл көрсеткіштер жақсарды. Жалпы, күш-қуаттым артып, тыныс алуым қалпына келді, - дейді науқас.

Оңалтуға жолдаманы тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады. Медициналық оңалту деңгейі диагнозға және науқастың жағдайының ауырлығына байланысты анықталады.  Бір емдеу курсының ұзақтығы мен жиілігі реабилитолог-дәрігердің немесе мультидисциплинарлық команданың қорытындысы бойынша тағайындалады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша