Қарағандылық жасөспірімдерді ағылшын тілін тегін үйренуге шақырады

Қарағандылық жасөспірімдерді ағылшын тілін тегін үйренуге шақырады

"Игі істер марафоны" аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығында ағылшын тілінде сабақтар өтуде. EnglishDom тіл орталығының жетекшісі Влада Волянская көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін сабақтар өткізеді.

Курстар аптасына екі рет ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді. Оқушылардың жасы 14-тен 18 жасқа дейін. Сабақтар English file: beginner кітабы бойынша өтеді және 6 айға созылады.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға жастар ресурстық орталығынан сертификат беріледі.

Қазір маусым айында аяқталатын екінші лектің оқушыларын оқыту жүріп жатыр. Шілде айында күздегі жаңа студенттер легін жинақтау басталады.

Толық ақпаратты @qaragandy_jastary парақшасының direct-ке жазу арқылы алуға болады.