
Қарағанды облысының барлық тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасауға шақырады.
Аймақтағы вакцинация орталықтары күнделікті жұмыс режиміне көшті. Енді олар аптасына жеті күн 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
- Барлық тұрғындарды ерікті вакцинациядан өтуге шақырамыз. Пандемияны тоқтатудың бірден-бір тиімді әдісі вакцинация екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз, - деп еске салды Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова.
Вакцинация орталықтарының телефондары мен орналасқан жерлері көрсетілген тізімі Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастырылған.