
Нұра ауданындағы Құндызды өзенінде (Нұра кентінің маңында) судың көтерілу деңгейі төмендеді. Оқиға орнында қорғаныс білігін нығайту бойынша іс-шаралар және өзендегі мұз кептелісін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте өзеннің бес учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Елді мекенді су басу қаупі жоқ.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау автожолының 104 шақырымындағы тасқын су қысқартылып, қазіргі уақытта оның ені 60 м, тереңдігі 10 см құрады. Оқиға орнында жол жиектерін себу жұмыстары жүргізілді. Жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды.
Ақтүбек және Нығман ауылдарындағы автожолдарда да су басу деңгейінің төмендеуі байқалады.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Сонымен қатар, Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының маңындағы Қарғалы өзенінің екі учаскесінде мұз ұсату жүргізілді.
Нұра ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. 10 сәуір күні сағат 03: 00-де Нұра ауданында адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан автокөлікпен Тассуат ауылына шыққан, алайда межелеген орнына келмеген. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша