
Нұра, Шерубай-Нұра, Кеңгір өзендерінің бассейндерінде ылғал қорының азаюы байқалады. Судың аз түсуіне байланысты Самарқанд су қоймасынан ағызу 5 текше м/с дейін төмендетілді.
Жаман-Қон өзенінде, Баршын ауылының маңында және Құланөтпес өзенінде, Нұра ауданының Кенжарық ауылының жанында мұзды жару жұмыстары жалғасуда.
Нұра ауданының Нығман және ішінара Ақтүбек елді мекендері Қон өзенінің төгілу аймағында қалады. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қорғаныс шаралары алдын-ала жүргізілді.
Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша