
Балқаштан келген жас кәсіпкер Жансая Әбдімәлік дамуы ерекшеліктері бар балаларға арналған дамытатын ойыншықтар жасайды. "Салауатты ұрпақ" қайырымдылық жобасын бизнесвумен "Ғибрат" жастар денсаулық орталығымен бірге жүзеге асыруда.
Жансая ерекше балаларға арналған ойыншықтарды тегін жасауды жайдан жай бастаған жоқ. Қыз бұрыннан ағаштан кәдесыйлар жасауға құмар болған. 2020 жылы ол әкімнің 1,5 млн теңге грантын жеңіп алып, өз өнімдерінің ассортиментін кеңейтті. Енді Балқаштағы шағын студияда ағаштан атаулы сыйлықтар, кәдесыйлар мен ойыншықтар жасалады.
Осы жылдың ақпан айында қолөнерші "Ғибрат" орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен қайырымдылық жобасы даму ерекшеліктері бар аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Жансая бүлдіршіндерге дамытушы ойыншықтар - бизибордтар жасайды. Бұл әртүрлі заттар мен ұсақ бөлшектер бекітілген ойын тақталары. Олар ұсақ моториканы, танымдық функцияларды және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Бірінші бизиборд сыйға тартылды. Ойыншықты орталық жүйке жүйесі бұзылған екі бала алды, бұл балаларды анасы жалғыз тәрбиелеп отыр, отағасы қайтыс болған.
Келешекте мүмкіндігінше көп баланы пайдалы сыйлықтармен қамту жоспарлануда.